Жастық шағы махаббаттың шырынына шынайы қаныққан Абайдың осынау жыр шумағын Нұршайықовтың білдей бір романына тақырып қылып алуы, ол нағыз махаббат машақатын түсіне білген қаламгердің іс – әрекеті. Сұңғыла сезімнің сұлулығын тани білген, танып ғана қоймай сол сезімнің сорақылығын да басынан өткерген Әзілхан Нұршайықов, өзінің әзиз өмірін шығармасына арқау қылғаны оның нағыз шебер жазушы екенін тағы бір аңғарта түсіргендей...
Қой нүктесін!!! Тiрлiктен мына қалып, қалғып барам, Оят менi! Оят менi, түс көрiп қаңғып барам. Мәңгi ұйықтап теңiзге атқан тастай, Тұңғиыққа, келмеске қарғып барам.
Шаршадым! ентігім енді, басылар ма екен, Жұбат мені! Жұбат мені, кел де тез қасыңа ал көкем. Ғашығым не етем, бұл түні Ай таратқан, Сәулесіндей мойныңа асыла кетем.
Жоқ, бірақ, қажет емес, мүсіркерсің, Аяп мені. Аяп менің, рухымды кішіртерсің. Қысым көрсін деміккен жүрек мейлі, Тәтті, мамық, оятпа, түсін көрсін!
Шағым сол, қайтем оны той біткесін, Жылат мені! Жылат мені, тұрасың айтып несін?! Қайтып кесін немесе оралмасын, Ертегінің бұл бітпес қой нүктесін! Қой нүктесін!!!