Қысып ұста қолымнан!!!
Жоғалтқың мені келмесе, Қысып ұста қолымнан. Ауырдым қатты мен кеше, Жылап қалма соңымнан.
Сүйемін құлай, шын сүйсем, Алғашқым да өзің-ең. Жай атып, бұлттың, күрсінсем, Ыршып түсем көзінен.
Жүре бер солай, хабарсыз, Жан өтінер. Жалынбан! Кеудеңде бірақ қалар сыз, Айрылғандай Табылдан.
Мен емес жазған бұл жырды, Авторы - сал жүрегім. Қозғаған болат шынжырды, Мен емес ол - тілегім.
Ауырдым кеше қатты мен, Түсіңе кірген болармын. Сен жайлы оқып тәтті өлең, Мұңданып жүрген болармын!?
Жоғалтқың мені келмесе, Қысып ұста қолымнан. Жанымды кел де емде сен, Жылап қалма соңымнан.
|