Сізге таңертең жұмысқа ерте тұру керек болса да, қанша ұйқы қысып бара жатса да, күні бойғы шаруадан басыңыз қатып шаршасаңыз да біріңізге біріңіз уақыт бөліңіз.
Бүгін біз сіздермен бақытты отбасылардың әдеттері жайында сөз қозғамақ ниеттеміз. Біздің ұсынғанымыз сырт көзге қарапайым қағидалар болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ біз бақыт жайлы айтқанда салмақты сөз қозғауға міндеттіміз. Отбасы құру көптің қолынан келеді, ал бақытты отбасының отағасы мен отанасы болу көптің бағына жазылмайды. Отбасыңыздың іргетасын қалаған тұстан бастап оған жауапкершілікпен қарап үйрену керек. Сонымен, бақытты отбасы мүшелері нені әдетке айналдыруы керек?
Әр үйдің, қоғамдық ортаның өз әдебі болған секілді көшенің де өз мәдениеті бар. Көше – көпшіліктің ортасы. Өзін ғана емес, өзін қоршаған адамдармен бірге өзі араласатын қоғамдық ортаны сыйлай алатын адамды мәдениетті санауға әбден болады. Көшедегі адамдар да сіз секілді жұмысқа асығып бара жатуы мүмкін немесе олардың да басында дәл сіздікіндей, мүмкін одан да қиын әселелері бар болуы әбден мүмкін.
Заманауи компаниялардың қызметкері атану – әрбіріміздің арманымыз. Сол арманға жету барысында ең бірінші ұшырасатынымыз – әңгімелесу (собеседование). Ендеше, назарларыңызға заманауи әңгімелесулерде жиі қойылатын бас қатырарлық сұрақтар легін ұсынамыз. Оқыңыз да, жауабын табыңыз!
Дәл қазір вампирлер жайында фильмдер мен мультфильмдер, түрлі кітаптар көптеп кездеседі. Біздің білуімізше, олардың ерекшеліктері – ұры тістер, айнада көрінбеу, күн сәулесінен қорқу, сарымсақтың иісін ұнатпау, қанға деген ерекше құмарлық. Аталғандардың барлығы «порфирия» ауруының салдарынан.