![](http://mahabbat.at.ua/_pu/0/s89237908.jpg)
Бүгін біз сіздермен бақытты отбасылардың әдеттері жайында сөз қозғамақ ниеттеміз. Біздің ұсынғанымыз сырт көзге қарапайым қағидалар болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ біз бақыт жайлы айтқанда салмақты сөз қозғауға міндеттіміз. Отбасы құру көптің қолынан келеді, ал бақытты отбасының отағасы мен отанасы болу көптің бағына жазылмайды. Отбасыңыздың іргетасын қалаған тұстан бастап оған жауапкершілікпен қарап үйрену керек. Сонымен, бақытты отбасы мүшелері нені әдетке айналдыруы керек? Жалғыз жатпау ![](http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51386/1377080213.jpg)
«Бір жастықта қартайыңдар» деген тілекті естігеніңіз бар шығар? Ерлі-зайыптылардың қашанда бірге жатуының маңызы ерекше. Ыдыс-аяқ сықырлап қалған күннің өзінде де, аздаған түсініспеушіліктер орнаған кездің өзінде де төсегіңізді ала қашып, серігіңізсіз жастыққа бас қоймауға тырысыңыз.
|