
|
Кейбір ата-ана баласының артық салмағын ойын-күлкіге айналдырады. Қалжың есебінде айтылған сөздер баланың көңіліне ауыр тиеді. Бұл сізге «жай ғана ойын» болғанымен, балаңыз үшін ауыр соққы. Себебі әрбір бала үшін ата-ана – дүниедегі ең жақын адамы, қорғаны.
Сонымен қатар балаға сымбатына көңілі толмайтын ата-ананың іс-әрекетінің де әсері мол. Анасы үнемі калория санап, айнаға қарап, өзін «толықпын» деп сөгетін болса, қызы да бұл әдетті бойына сіңіреді. |