Уақыт – өте құнды және шектеулі. Адамға бір рет қана берілуде, қайта айналып келмеуде. Сондықтан уақытты ең құнды амалдармен өткізу керек. Өйткені пайғамбарымыз (салаллаһу алейһи уә сәлләм) «Ертең істеймін деген адам құрыды, зиян етті» деген. Уақытты үнемді пайдалану тұрғысынан да дін ғұламалары ең жақсы амалдарды істеген және "Аламәт-ул мақт, изаат-ул уақт” деп, "жамандықпен ақымақтықтың белгісі – уақытты босқа өткізу” деген. Имам Ғазали хазреті: «Өткен күн өтті, ертеңіміз белгісіз. Олай болса, сен бүгінгі күнді үнемді пайдалан!» деген.