Kолумбиядағы (Ванкувер) Британ университетінің зерттеушілері ерлер мен әйелдер арасында ерекше сараптамалық тәжірбие жүргізді. Мамандар өз еркімен қатысуға келісімін берген мыңға жуық ер адамдар мен нәзік жандылардың басын қосып, алдарына қарсы жыныстының суреттерін ұсынған. Олар, яғни ер адамдар әйелдердің, ал әйелдер ер адамдардың суреттеріне қарап олардың тартымдылығына баға берген. Ер адамдар көбіне өзін жоғары бағалайтын аруларға қарағанда жүзінен бақытты екендігі байқалатын ұялшақ қыздардың суреттеріне оң көзбен қараған.