Қарамасаң қарама, қарағым, маған, Қағазым — қағаз сенсіз де, қаламым — қалам. Бүгінде мені жек көріп жүрсең де, жаным, Түбінде жақсы көретін адамың болам.
Сезімдеріміз қалмасын текке өліп, көкем, Бақытты бастан жүрміз бе өткеріп бөтен ? Жылап бүгінде мен сені жақсы көрсем де, Бірақ түбінде көресің жек көріп кетем.
Жанымды менің жылытқан көзің нұр жалын, Өзіңнің емес ойлашы сезімнің жағын. Бақытты болғың келсе егер мендік болғайсың, Бақытсыз болғың кеп тұрса өзің біл, жаным. *** Ершат Қайболдин
|