Меню сайта |
|
|
Категории раздела |
|
|
Мини-чат |
|
|
Наш опрос |
|
|
Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|
|
Жаңға аян сөз!
Сөксе дағы сүйетін құлыным деп, Айтқан сөзін, ақылменен ұғармын... Мен алыста жүргенде жолым тосқан, Ата-анамды сағынатын шығармын!
Шаң басқан топырағы, аунап өскем, Туған жер. Қадіріңді ұғар кім? Сансыз жолдар - арман жолға аттандым, ...Туған жерді сағынатын шығармын!
Жанартаудай бұлқынамын кей шақта, Ғашығымды құшып тұрып тынармын, Сенім берген сәулесімен көзіме, Сүйкімдімді сағынатын шығармын...
Қимастықпен қол бұлғаған жолымда, Достар менің - мәңгі өшпес шырағым, Жабырқау кез жанарымнан жойған көп, Дос- жаранды сағынатын шығармын!
Өзім өнген, өзім өскен өлкенің, Бұрышынан бақыт іздеу - тұмарым, Анам асқа шақырғанда аңқыған, ...Ауаңды да сағынатын шығармын!
Арман жолдар - жетелейді алысқа, Жолдан тосып мені әркез тұрарсың, Белі қатқан балаңмын, Бесікте емен. ...Сен де мені сағынатын шығарсың!
|
Категория: Ақындар бөлімі | Добавил: ПоеТИК (24.09.2013)
|
Просмотров: 829
| Теги: Қазақша өлең шумақтары
| Рейтинг: 1.7/11 |
|
|
Вход на сайт |
|
|
Поиск |
|
|
|