Көңілге түйерлік қажетті сөздер :
*Адамшылық деген ұлы сөзді айта бергеннен көрсете білген жақсырақ!
*Жолдас көп.Кім қаншаға баратыны жол айрығында көрінеді.
*Отты су сөндіреді,махаббат отын опасыз сөндіреді.Сөнген отты қайта жағуға болады,сөнген махаббатты қайта жағуға болмайды.
*Адамдар жаманын жасырып,жақсысын бетке ұстайды.Жақсысын көріп,жаманын көрмеген алданады.
*Арман дегеннің таудайы,түймедейі бар.Өзіңнің түймедейің басқаның таудайындай көрінбесін.
*Біреулер айлакерді де ақылды,десіп жүр.Айла айуанда да бар,ақыл тек адамда!
*Оқы,оқы дейміз,тоқымаса оқу не керек?Адам,адам дейміз,адамшылығы болмаса адам не керек?!
*Дене дерті өзіңді,мінез дерті басқаны қинайды!
*мешкей қарын тояды,мешкей нәпсі тумайды!
*сиыр қашты,бұзаулады,бұқа кетті бетімен.Кейбір әке дегендер тең-ау осы бұқамен!
*Арам ыдыста адал ас,арам көңілде таза махаббат тұрмайды!