Сүйіктіңіздің жанында екеніңізді білдіріп, оны сағынғаныңыздың белгісі ретінде үнемі байланыста жүріңіз. Әлеуметтік желілермен де, телефон арқылы да байланысты үзбеңіз.
Қоғамдық ортада қол ұстасып жүру көптің назарын өзіне аудартудың әдісі болмағаны жөн. Болмаса тек кішкентайлар ғана немесе кішкентай баласы мен анасы ғана қол ұстасып жүреді екен деп те ойламаңыз. Сүйесіз бе?
Терезеден қараңыз, қоршаған әлемнің сұлулығын көресіз бе?! Жаздың ашық көк аспаны, ағаш жапырақтарының сыбдыры, өзен-көлдің күлім қағып аққаны, жауынның тамшылары, ақ қасат қарлар - осы бір сән-салтанат шын мәнінде біздегі депрессия мен стресске тегін ем-дәрі. Сіз кез келген сәтті пайдалана аласыз және Сіз өзіңізді бақытты әрі қуанышты адам ретінде сезінетін боласыз. Сезінесіз...
Мүмкін, бұл ойға сыймастай көрінер, бірақ, бұлай жасау әр адамның қолынан келеді. Психология мен эзотерика бойынша жазылған көптеген кітап авторлары өте жиі адам назарын мына бір "Адам өз өмірінің жаратушысы" деген қарабайыр, тым ескі шындыққа аударады. Шындық демекші, денеміздегі жан сыздауларға біздің өзіміздің кінәміздің бар екендігін мойындай кетелік.
Бақыт - қоршап алған қиял сағымы. Адам не істемесін, неге ұмтылмасын - ол тек қана бақыт туралы ойлаумен болады. Бұл ретте сол бақыттың өзі нақтылық жағдаяттарға тәуелді. Ал егер осы бір алғышарттар (орындалуы) көңіліміздегідей орын алмаса немесе сәйкес келмесе, онда біз бақытсызға айналамыз. Бақытқа қаншалықты қатты қол жеткізгіміз келген сайын, соғұрлым жету қиындай түспек.
Іштей өсіп-өркендеу. Бұл таңдауда адам рухани өсіп, жеке басының кемелділігін арттыруда жұмыс жасап, және бірқатар уақытқа өзін бақытты сезінуі мүмкін.
Көпшілік бұл оймен келісе жатар, жаңа затты иелену немесе білім алу ұзақ уақытқа созылмайтын бақыт сезімі. Әрі тез ұмытылады. Мұндай бақыт түрі көбіне біздің өткен күнімізде жатқандықтан, дәл қазіргі сәтте бақытты болуға көмектеспейді.
Әрбір адамның бақытқа берер өз анықтамасы бар. Бақытқа бастар бағыттың әрқилы болуы мүмкін, бірақ, негізінен көпшілік адам үшін бақыт деген бұл:
Үйлесімділік (гармония)
Отбасы
Махаббат
Өз-өзін табу
Жетістік
Қаржылық кең мүмкіндік
Бақытқа анықтама беруде мұнан да өзге алғышарттарды тізе беруге болғанымен, басты мәнге ие болуы келесі бір ораймен түсіндіріледі - әр адамның өз бақыты.
Ежелгі грек данышпаны Аристотельдің түсінігімен, бақыт деген - адамгершілігі мол адамдарда өмір сүретін жан. Рақымшылығы мол жан Аристотель заманында шынайы бақыт қуанышының иелері саналғанға ұқсайды.
Өмірде мына сұрақтарды өзіңізге қойған боларсыз: "Бақыт деген не?" және "Бақыттың бар мәні неде жатыр?". Ұстап алуға соншалықты құмартатын, иеленгіміз келіп жүрген көзге көрінбейтін елес секілді, бірақ сол уақытында, баянсыз екендігі анық ұғынылатын... Бақыт артынан қуа отырған күннің өзінде өздері үшін бақыттың не болып табылатындығын білмейді. Жай ғана сөз, жай ғана секунд, минуттар мен сағаттар.