Ризамын, жауар қар болғаныма
Ризамын, жауар қар болғаныма, Сағынып тіпті зар болғаныма. Шүкірлік етем жәй ғана сенің, Әлемде мынау бар болғаныңа.
Долы толқындар тасын аңсаған, Қара жер көктің жасын аңсаған. Ал мен болсам солғын сезімнің, Ескегін есіп, асығам саған.
Қырсықтығыңды құлатсам деймін. Бақыт жебесін мың атсам деймін. Сені сүйгендей алғаш көрегеннен Мені де жаным ұнатсаң деймін.
Қасыңда сенің жүргім келеді. Қызыққа батып, күлгім келеді. Қысқа ғұмырды тек қана сенің Қолыңнан ұстап сүргім келеді.
Қаншалық саған гүлдің керегі?! Қаншалық саған жырдың керегі?! Сендегі жүрек тиесілі кімге? Мен соны ғана білгім келеді...
авторы: Алтынбек МАҚСАТХАН
|