Бақытты сыйлайтындай жұрт іздеген,
Әкелген өміріме жаңа сарын.
Бүгінде ажыраттым күнтізбеден,
Ең соңғы парақшасын Қарашаның.
Мен тұрмын-алшақтаған күзге өкпелі,
Қыстан бір үміт күтіп,армандайын.
Махаббатқа са(лы)п берген күз өткелі,
Басталғанмен,аяқсыз қалғандайын.
Мені де құлазытпай,сүйеп еді,
Үмітпен барша халық,ел тосқан күн.
Аппақ қар-ақ мамықтың иегері-
Алғашқы күні келді Желтоқсанның.
Желтоқсанда ақ мамық сый боп төнсе,
Жаныңа бір қуаныш береді-мыс.
Біреулерге "Қылышын сүйреп келсе"
Мен үшін БАҚЫТ сүйреп келеді қыс.
Мұқақ Өркен Алтынбекұлы
1.12.2о13. . . . . . . . . . . 3:25