Сезім билеп, ұмытылып шаршағаным, Сені ойлап, қуанамын, ән саламын. Бәрі ұмыт болады жалғандағы, Сен жанымда кезіңде аңсағаным.
Кеудеме қалай сияр қуанышым, Болдың жалғыз менің жұбанышым. Ерке қызды бақытты еттің, жаным, Жасырмаймын,айтамын бұл да шыным.
Кетсең жырақ көрісеміз сағынысып, Қиын сәтте жетесің алып-ұшып. Ренжітесің, көңілімді бір суытып, Қайтарасың содан соң тағы құшып!
|
Дата: 26.08.2013 в 19:13
Ең ащы нәрсе - тіл.
Ең қатты нәрсе - дін.
Ең күшті нәрсе - ұят.
Ең жүйрік нәрсе - көңіл.
Ең жаман нәрсе - нәпсі.
Ең ыстық нәрсе - бала.
Ең суық нәрсе - мүрде.
Ең қысқа нәрсе - ғұмыр.
Ең опасыз нәрсе - дүние.
Ең жақын нәрсе - ажал.
Ең ұшқыр нәрсе - қиял.
Ең нәзік нәрсе - сезім.
Ең аздырғыш нәрсе - құлақ.
Ең зор байлық - денсаулық.
Ең зор кедейлік - надандық.
Ең биік нәрсе - арман.
Ең аласа нәрсе - мешеулік.
Ең тұрақсыз нәрсе - бақ.
Ең былапыт нәрсе - ауыз.
Ең тұнық нәрсе - махаббат.
Ең арзан нәрсе - сөз.
Ең адал нәрсе - уақыт.
Ең құбыжық нәрсе - өмір.
Ең қараңғы нәрсе - көкірегі соқырлық.
Ең қызық нәрсе - білім.
Ең жаралағыш нәрсе - қасірет.
Ең семірткіш нәрсе - жақсы сөз.
Ең жақын дос - жан жар.
Ең пасық нәрсе - жалқаулық.