Меню сайта |
|
|
Категории раздела |
|
|
Мини-чат |
|
|
Наш опрос |
|
|
Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|
|
Еріндер вальсі!
Құштармын өзіңе..шарам сол, Икемдік табамын әр іске. Құшақтап ал мені...Сонан соң, Қос ерін түседі вальске.
Кездесу...Біз күткен сәт міне, Махаббат-үзілмес алқамыз, Құмар ем о,бастан тәттіге, Ерніңмен ерініме бал тамыз.
Ұятты ұмыт бұл кезіңде, Құштар боп сұлуға туады ер. Біздегі балмұздақ сезімге, Еріндер болады-куәгер.
Аңдысын ендеше Айлы аспан, Өлмесін арман да тым аңғал. Жұп-жұмсақ жеріңде жайғасқан, Өзіне баурағыш «күнәм» бар.
Бұл сәтте түседі күш қалғып, ...Жаныма мәңгілік серік ең. Тәттілік пенен Құштарлық. Ерніңнің ұшында еріген.
Тіліңнен шыққанда шекер үн, Ғашығың қиналып жыйды есін. Кедергі болмайық...Екі ерін, Армансыз вальске билесін!
авторы: Жандарбек ЖҰМАН
|
Категория: Махаббат жайлы өлеңдер | Добавил: АбылайхаН1784 (05.09.2013)
|
Просмотров: 2368
| Теги: Армансыз вальске билесін!
| Рейтинг: 1.6/14 |
|
|
Вход на сайт |
|
|
Поиск |
|
|
|