Бәрі содан басталды...ұғамысыз?
Содан бері жанымның тұрағы-Күз... Сізді аңсаған саттерде қоңыр мұңым, Мөлт-мөлт етіп көзімде жылар үнсіз... Сол кешті ойға алмассыз бүгіндері, Сізге батпас жанымның үгілгені... Жалғыздықты мендегі түсінді ме, Күрсінеді ойға алып Түнім нені? Сезімнің мәні,бәлкім, сенімде ме, Жүрегім ауырады менің неге? Сізге мүмкін бәрібір шығар енді, Маған бәрін ұмыту жеңіл деме ! Бізге де "хош" деп кетер бұла- Тамыз... (Жә, несіне мұңаям, жұбатар Күз). Осы күндер ештеңе болмағандай, Ғаламторда қал-жайды сұрасамыз. Мен үшін бұл Тамыздың соңы мұңды - Сіз туған күн...күтпеп ем торығуды... Екі рет құттықтауды жазған Алла, Екі рет бұйыртпай ма жолығуды?! ...Тағдыр шығар.
@Айжан Табаракқызы
|