Суббота
01.02.2025
01:06
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Махаббат жайлы өлеңдер [31]
Әзілді SMS-тер [4]
Қайырлы түн! [1]
Махаббат туралы смстер [3]
Смс Суреттер [6]
Онлайн СмС жолдау [0]
Спамдар [2]
Қайырлы таң! [5]
Хикаялар [2]
Махаббат жайлы мақалалар [22]
Романтикалық идеялар [9]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сіз махаббатқа сенесізбе

Всего проголосовало:265

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат туралы смстер » Махаббат жайлы өлеңдер

Қара жәшік...
Қара жәшік...
Кірпігіме ілінген күннің бәрін өзіңе.
Көкіректі кернеген мұңның бәрін өзіңе.
О, алыстан мұнартқан шыңның бәрін өзіңе.
Өлеңге де айтпайтын сырдың бәрін өзіңе
Сақтап қоямын...

Өзім ғана сенетін шындығымды өзіңе.
Өзім ғана сүретін тірлігімді өзіңе.
Өзім ғана еститін күмбірімді өзіңе.
Мойындағым келмейтін сұмдығымды өзіңе
Сақтап қоямын...

Мейіріммен қараған көздің бәрін өзіңе.
Анам айтқан аяулы сөздің бәрін өзіңе.
Тағдырымды сел еткен тездің бәрін өзіңе.
Өтті деуге қимайтын кездің бәрін өзіңе
Сақтап қоямын...

Үзілейін деп тұрған төзімімді өзіңе.
Алданбауға үйреткен сезігімді өзіңе.
Мені Жерде бар еткен сезімімді өзіңе.
Мені түбі өлтірер сол сезімді өзіңе
Сақтап қоямын...

Қасіретті һәм сұлу заманымды өзіңе.
Кең даламда жаңғырған азалы үнді өзіңе.
Мөлт-мөлт етіп жас тұнған жанарымды өзіңе.
Жылап тұрып сүйетін қазағымды өзіңе
Сақтап қоямын...

Категория: Махаббат жайлы өлеңдер | Добавил: ПоеТИК (17.09.2013)
Просмотров: 1006 | Теги: Қара жәшік.. | Рейтинг: 1.4/9
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz