Қайталанып құлағымда жатты үнің,
Көз алдымда көлбеңдеп пәк қылығың.
Кетсеңде сен алшақтап алғыс айтам,
Сағыныштан сарғайтқан тәтті мұңым.
Тәтті мұңым сен менің бал шекерім,
Сен кеткелі жетімсіреп қалды өлеңім.
Сезбедің-ау бір бейбақтың сен кеткенде,
Көзін жұмып жүрегінен жас төгерін.
Содан бері сезімнен солған гүлім,
Қуанышым шат күлкім жалған бүгін.
Сезбедің ғой оралмасқа ұзағанда,
Бір жүректің жарты боп қалғандығын.
Сезбедің ғой ештеңе байқамадың,
Көп еді ғой саған әлі айтар әнім.
Жүрегімнің жартысын жоғалтқалы,
Мекен етіп келемін қайғы аралын.
Байқамадың шынымен байқамадың,
Жарым жүрек сенімен жай табарын.
Суым сен ең нәр берер тамырыма,
Семен ғана гүлденіп жайқаламын.
Жайқала алмай жанымда өспей гүлім,
Сен кеткелі күніме көшпей түнім.
Білмедің ғой жүрегім жазылғанмен,
Жара орны ешқашан өшпейтінін.
@Әбдіразақ Ернар