Пятница
19.04.2024
03:59
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [1]
Махаббат Лирикасы [69]
Махаббат туралы смстер [85]
Қызбен танысу [3]
Жігітпен танысу [6]
Сми-Жми [16]
Қараймыз күлеміз жылаймыз!!!!!
Өте қызық!!!!!!!! [27]
Сат-дәстүр! [2]
TIPTI KEREMET [5]

Мини-чат
200

Наш опрос
Неше сүйіктіңіз болды?

Всего проголосовало:613

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » TIPTI KEREMET

Жалпы сатқындар, жалған достық, сенімсіз дос - ол не?

Ер адам болған соң жаныңызда ақылшы, қамқоршы болып жүретін жандар көп болғаны жақсы. Олар сізді өзінен кем көрмеуі керек. Кейде дос таңдай алмай сарсаңға түскен жігіттер де кездесіп жатады. Көбін тұрмыстың тауқыметі іріктеп береді. Жалпы, қандай жігіттерге сенуге болмайды?

* Уәдесінде тұрмайтындарға. Уәденің серті – салмақты. Басқасы-басқа, құр уәдеге әуес жігіттер абыройдан жұрдай болады.

* Қайта-қайта мүмкіндік сұрай беретіндерге. Жиі мүмкіндік сұрап, бірақ үнемі сенімді ақтай алмайтындарды да өз ішіндегі өзімшілдігі тура жолдан тайдырады. Мұндайлар әр қателіктен сабақ алмайды. Олар қайта-қайта мүмкіндік сұрап, өз күшін сынап көргенімен де түк шықпайды.

* Құр сөз сөйлейтіндерге. Аузы босқа көпіріп, жөн-жосықсыз сөйлей беретін адамдар да жақсы жігіттердің сипатына кірмейді. Мұндайлар тек тілге ғана жүгінеді.

* Ісінен сөзі көптерге. Ісінің бірі дұрыс емес, бірақ сөзбен орақ оратын адамдардан да қайыр жоқ. Оларға тек тілмен ғана бәрі оңай көрінеді.

* Өтірікке құмар жандарға. Өміріне өтірікті серік еткендердің қай сөзі рас, қайсысы өтірік екендігін ажырата алмай әуреге түсесің. Олардан да қайран жоқ. Өтірікке әуес жігітерді достар қатарынан сызып тастау керек.

* Өз-өзіне сенімсіздерге. Өзіне-өзі сенбейтін, өз күші мен ақылына жүгінуге қорқатындарға сіз қалай сенбексіз?

* Тәуекелшіл еместерге. Кез келген іс тәуекел етуді күтеді. Тәуелкел етуге келгенде жасық жігіттер де аса сенімге ие емес.

* Сатқындарға. Сатқын адамдар өзгелерді ғана емес, өзін де, өзінің шын болмысын да сата алады. Сатқын жігіттерге қанша мүмкіндік сұраса да қасыңызға жолатпауға кеңес береміз.

Категория: TIPTI KEREMET | Добавил: АбылайхаН1784 (02.07.2015)
Просмотров: 1412 | Теги: Қандай досқа сенуге болмайды? | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz