Пятница
19.04.2024
21:50
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [1]
Махаббат Лирикасы [69]
Махаббат туралы смстер [85]
Қызбен танысу [3]
Жігітпен танысу [6]
Сми-Жми [16]
Қараймыз күлеміз жылаймыз!!!!!
Өте қызық!!!!!!!! [27]
Сат-дәстүр! [2]
TIPTI KEREMET [5]

Мини-чат
200

Наш опрос
Неше сүйіктіңіз болды?

Всего проголосовало:613

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » TIPTI KEREMET

Екеуміздің демімізге тұншықты Антарктида.

Екеуміздің демімізге тұншығып

Антарктида.
Көз ұшында көлбеңдейді алып мұз,
Түз желіне тоңбай біз ақ қалыппыз.
Мұз үстінде еркелесіп, өбісіп,
Оқшауланып, құшақтасып алыппыз.

Антарктида.
Бес ақ құрлық, бес ақ түрлі кеңістік,
Алтыншысын мекен еттік, өбістік.
Тек мұзбенен құрсауланған бұл құрлық,
Тек біз үшін қапырық түз, ең ыстық!

Антарктида –
Бұл ғаламат Табиғаттың көрігі,
Оны келіп сүймесе де Африканың еріні.
Екеуміздің демімізге тұншығып,
Алып мұздың бір бөлігі еріді.

Авторы: Табиғат Абаилдаев

Өткен шақпын сізге мен

Өткен шақпын сізге мен.
Еске алуға, ескеруге тұрмайтын.
Бізді бөлген шақырымдар
Ауыр үкім оқығаны болды айқын.
Сырым едің –
Жан адамға ашпайтұғын құпиям,
Жырың едім –
Тәтті ұйқыңды ұрлайтын.

Енді бәрі елес боп,
Жағасында жалғыз қалдым Жайықтың,
Көп ішінде күрсінемін.
(Несіне…)
Ертіс, сенің ерке ұлыңа сенгенім…
Бар айыбым.
(Ол да мені ала ма екен есіне?)

Біз әдемі сезімдерді жоғалттық,
Көк қағазға айырбастап уақытты,
Сағынбайтын, сарылмайтын боп алдық,
Қолдан жасап бақытты.
Сұр қалаға қамалып,
Көкжиектер көрінбейтін көшемен,
Жан берісіп, жан алып,
Жүгірем деп,
Өлеңімді құрбан қылдым неше мен.

Енді бәрі ертегі.
Естелік қып бірге өткізген күздерден:
Сағынышым сіңіп қалған бойына,
Алтын түстес жапырақтар тізбегін,
Алқа қылсам мойыныңа деген ем.
Өкініш бар өміріме жетерлік,
… Өткен шақпын сізге мен…

Авторы: Бақытгүл Бабаш

Категория: TIPTI KEREMET | Добавил: АбылайхаН1784 (03.07.2015)
Просмотров: 1060 | Теги: Көп ішінде күрсінемін., Жағасында жалғыз қалдым Жайықтың, Өткен шақпын сізге мен Енді бәрі ел | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz