Вторник
21.05.2024
05:14
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [1]
Махаббат Лирикасы [69]
Махаббат туралы смстер [85]
Қызбен танысу [3]
Жігітпен танысу [6]
Сми-Жми [16]
Қараймыз күлеміз жылаймыз!!!!!
Өте қызық!!!!!!!! [27]
Сат-дәстүр! [2]
TIPTI KEREMET [5]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сіз махаббатқа сенесізбе

Всего проголосовало:265

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Өте қызық!!!!!!!!

Қысқа тырнақ күтімі

Қысқа тырнақ күтімі

Қазіргі таңда әлемнің сәнқойлары қысқа тырнаққа көшкен. Сәндегі қысқа тырнақты күту де тез, әрі тірлік істегенге ыңғайлы. Сындырып аламын ба деп қорықпайсыз. Тырнақ бояуын жаққанда да аз уақыт етеді, тез арада қалыпқа келтіре аласыз. Сондықтан жасанды тырнақ пен ұзын тырнақтан арылуға кеңес береміз.

Қысқа тырнақ күтімі

Тырнағыңыз қысқа болса, әдемі маникюр жасарда мына кеңестерді есте сақтаңыз:

  • Ұзын тырнаққа қарағанда қысқа тырнақтың үстіне кішкентай ғана сызат түссе де, көзге қатты көрініп тұрады. Сол үшін қысқа тырнақты бояғанда мұқият болыңыз және асықпаңыз.
  • Бояу қысқа тырнақты сопақ етіп көрсетуі керек. Ол үшін қанық және қара, қоңыр түсті бояулар қолданыңыз. Ашық түстерді мүлде қолданбағаныңыз жөн, ол тырнақты қысқа әрі жалпақ қып көрсетеді.
  • Маникюр жасағанда көлденең сызықты суреттерді таңдамаңыз. Ол қысқа тырнақты одан сайын қысқа, жалпақ қып көрсетеді. Ал, тігінен сызық түсетін суреттер, керісінше, қысқа тырнақты ұзартып, сопайтып көрсетеді.
  • Қысқа тырнаққа қолайлы дизайнның бірі – френч. Француз маникюры тырнақты көзге ұзындау қылып көрсетеді, әсіресе төртбұрышты қалыптағысы.
  • Егер тырнағыңыз жалпақ болып, оны кішкене сопақтап етіп көрсеткіңіз келсе, тырнақтың қақ ортасына ұзынынан сурет салдырыңыз.
Қысқа тырнақ күтімі

Қателік жібермеңіз:

  • Тырнақтың бәріне түгелдей сурет салдырмаңз, ол тырнақты тым жалпақ етіп көрсетеді.
  • Дизайндағы ірі суреттер тырнақты қалың етіп көрсетеді.
  • Сурет салдырғандағы қалың сызықтар тырнақты қысқа етіп көрсетеді.
  • Қысқа тырнақтарға майда-майда бір шетіне бойлай орналасқан суреттер әдемі жарасады.
  • Маникюр жасау үшін арнайы уақыт бөліңіз. Мысалы, 20-30 минут жетеді. Бос уақытыңыз одан аз болса, асығыстықпен бояуды бүлдіріп не сыртына шығарып жағып жалуыңыз мүмкін.
Қысқа тырнақ күтімі

Әрине қысқа тырнаққа жасанды тырнақ не тым ұзын тырнақтар сияқты қалаған суреттерді салу мүмкін емес. Алайда, қарапайымдылық та жоғары бағаланады.

Қысқа тырнақ күтімі

Қысқа тырнақ күтімі

Қысқа тырнақ күтімі

Категория: Өте қызық!!!!!!!! | Добавил: АбылайхаН1784 (25.09.2013)
Просмотров: 3013 | Теги: Қысқа тырнақ күтімі | Рейтинг: 3.0/4
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz