Вторник
21.05.2024
06:06
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [1]
Махаббат Лирикасы [69]
Махаббат туралы смстер [85]
Қызбен танысу [3]
Жігітпен танысу [6]
Сми-Жми [16]
Қараймыз күлеміз жылаймыз!!!!!
Өте қызық!!!!!!!! [27]
Сат-дәстүр! [2]
TIPTI KEREMET [5]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сіз сүйіктіңізбен қалай таныстыңыз?

Всего проголосовало:682

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Өте қызық!!!!!!!!

Назар аударыңыз: зиянды сән!

Гардеробтағы сәнді киімдердің денсаулыққа тигізер зияны да бар екен.

Назар аударыңыз: зиянды сән!

Тар джинс шалбары. Нерв жүйелерінің қысылуы – денсаулыққа келетін зиянның бастамасы ғана. Ал, сіздің мүсініңізді айшықтап тұратын сүйікті тар шалбарыңыз тек нерв жүйелерін қысып, қан тамырларының жұмысын баяулатып қана қоймай, ағзада зат алмасуды тежейді, жүрек соғысына да әсер етеді. Сондықтан шалбар таңдауда кеңіне қарай жүгіргеніңіз дұрыс.

Назар аударыңыз: зиянды сән!


Мүсінді айшықтайтын іш киімдер. Белдегі, бөкседегі артық майды жасырып, беліңізді қыпша ететін бандаж, корсет сияқты іш киімдер көптеген қыздың сүйікті киіміне айналған. Бұл киімдерді күнделікті тастамай киетін болсаңыз, тез арада олардан арылғаныңыз абзал. Өйткені, бұл іш киімдер денсаулыққа джинс шалбарларынан екі есе көп зиян келтіреді.

Назар аударыңыз: зиянды сән!

Төстартқыштар. Жұп-жұмыр және кеудеде көтеріліп тұратын төсті қай қыз армандамасын? Кеудені көтеріп, төсті көлемді етіп көрсетеді деген ниетпен қыздардың басым бөлігі өзіне тар төстартқыштарды қолданады екен. Салдарынан омыртқаға күш түсіп, қисаюына алып келеді, кейде ауырады да. Сүт бездері қысылып, жұмыс істеу қалпына зақым келеді, төстің формасы да бұзылады. Өз мөлшеріңізді анықтап, соған лайық төстартқыш таңдаңыз.

Назар аударыңыз: зиянды сән!

Биік өкшелі аяқ киім. Бұл туралы аз айтылып жүрген жоқ. Биік өкшелі аяқ киіммен күні бойы жүретін қыдарға аян, оны шешкенде «үуф» деп алады. Аяқтың қажалуы, ойылуы, арқаның, омыртқаның ауыруы – бергі жағы ғана. Аяққа салмақ әдеттегіден көп түскендіктен балтырдың қан тамырлары кеңейіп, варикоз пайда ауруы болады, табан сүйектері жалпайып кетеді.

Назар аударыңыз: зиянды сән!

Қол сөмкесі. Ия, бұл да зиян келтіретіндер қатарына жатады. Егер сіз қол сөмкеңізге кітап, планшет, телефон, әмиян, косметика жиынтығын, кілт, қойындәптер, одан да басқа керек-жарақтарды толтырып алып, бір иығыңызға асып жүретін болсаңыз, омыртқаңыз қисайып, бір жаққа қарай бүгіліп жүруді әдетке айналдыруыңыз мүмкін. Сондықтан қол сөмкеңіздің шағын әрі жеңіл болуын қадағалаңыз.

Деніңіз сау болсын!

Категория: Өте қызық!!!!!!!! | Добавил: АбылайхаН1784 (25.09.2013)
Просмотров: 1494 | Теги: Назар аударыңыз: зиянды сән! | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz