Вторник
21.05.2024
01:41
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [1]
Махаббат Лирикасы [69]
Махаббат туралы смстер [85]
Қызбен танысу [3]
Жігітпен танысу [6]
Сми-Жми [16]
Қараймыз күлеміз жылаймыз!!!!!
Өте қызық!!!!!!!! [27]
Сат-дәстүр! [2]
TIPTI KEREMET [5]

Мини-чат
200

Наш опрос
Неше сүйіктіңіз болды?

Всего проголосовало:613

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Өте қызық!!!!!!!!

Қарым-қатынас ерекшеліктері

Қарым-қатынас ерекшеліктері

Адамдар арасындағы қарым-қатынас, жеке адамның мінез-құлқы көп факторларға байланысты. Cонда да, біз белгілі бір жағдайларда бірдей әрекет етеді екенбіз. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жайлы түрлі қызықты деректермен таныс болыңыздар.

Біреуді кемсіту – адамның өзіне деген сенімсіздігі мен ақылсыздығының белгісі. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде IQ көрсеткіші төмен адамдар басқаларға қарағанда жиірек түрлі тақырыптарда наразылық білдіріп, біреуді айыптауға әр кез даяр болатындығы дәлелденді.

Адамды қабылдауда сыртқы сезім түйсіктері көмектеседі. Мысалға, үлкен, қалың құжаттар салатын сөмке ұстаған кісіні көрсеңіз, оны бірден өз ісінің маманы, мансапқор деп қабылдайсыз.

Суық, қатты сынды қасиеттерді сезгенде біз басқалармен тілдесуде қиындықтар байқаймыз. Мысалға ыңғайсыз жиһаз, қараңғы бөлме адамға жайсыздық береді.

Біреуді халық көзінше көндіру оңайырақ. Бетпе-бет кездесуге қарағанда басқалардың көзінше кез-келген адамға "жоқ" деп айту қиын. Дәл осы себеппен қайырымдылық, қоғамдық шаралар көп адам жиналған жерде ұйымдастырылады.

Адам сыртынан біреу бақылап отырғанда, өзін дұрыс ұстап, жұмысын жақсы орындауға тырысады. Бұл пікірге қарапайым мысал келтіруге болады: сабақ кезінде мұғалім кабинетке кіріп келгенде, жұмыс кезінде басшылық қасыңыздан өткенде сіз дәл осыны сезесіз. Сонымен қатар, осы сезімнің иллюзиясы да жұмыс істейді: қабырғаларына көз суреттері ілінген асханада адамдар өздерінің артынан ыдысын жинап кетеді екен. 

Бай не сәтті тұлғаларды көрген кезде біз оларға іштей құрмет сезініп, оларды ақылды, дана деп қабылдаймыз. Біз олардың сәттілігі мен байлығы еңбегінің жемісі деп ойлап, оларды себептерсіз-ақ құрметтейміз.

Шешім қабылдау қиын болған сайын, жағдайды ушықтырудан қорқып, бәрін дәл солай қалдыра салғыңыз келеді.

алынды: http://massaget.kz

Категория: Өте қызық!!!!!!!! | Добавил: АбылайхаН1784 (20.11.2013)
Просмотров: 1071 | Теги: Қарым-қатынас ерекшеліктері | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz