Воскресенье
19.05.2024
02:19
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Мои статьи [1]
Махаббат Лирикасы [69]
Махаббат туралы смстер [85]
Қызбен танысу [3]
Жігітпен танысу [6]
Сми-Жми [16]
Қараймыз күлеміз жылаймыз!!!!!
Өте қызық!!!!!!!! [27]
Сат-дәстүр! [2]
TIPTI KEREMET [5]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сізге сайт ұадыма?

Всего проголосовало:503

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Сми-Жми

Әңгімелесуде қойылатын сұрақтар

Әңгімелесуде қойылатын сұрақтар


Заманауи компаниялардың қызметкері атану – әрбіріміздің арманымыз. Сол арманға жету барысында ең бірінші ұшырасатынымыз – әңгімелесу (собеседование). Ендеше, назарларыңызға заманауи әңгімелесулерде жиі қойылатын бас қатырарлық сұрақтар легін ұсынамыз. Оқыңыз да, жауабын табыңыз!

1. Кофе сүйгіш үшін

Мейрамханада келушілердің бірі даяшыға кофесінің ішіне шыбын түсіп кеткендігі туралы шағым айтады. Даяшы шыныаяқты әкетіп, басқасын әкелуге уәде береді. Біршама уақыттан кейін даяшы қайтып келеді, кофенің дәмін татып көрген адам оның шыбын түскен кофе екендігін айтады.

Сұрақ: Ол мұны қайдан білді?

2. Бикфорд бауы туралы

Бикфорд бауының тез әрқалай уақытта жанатындығы белгілі, бірақ, шамамен 1 минуттың ішінде өртенетіндігі анық. 

Сұрақ: Осындай екі бау арқылы дәлме-дәл 45 секундты өлшеп алуға бола ма? Қалай? Техникалық қауіпсіздікті ескеру сұралады.

3. Аттың аяғы туралы

Бір қазымыр зерттеуші жұмыс уақытында атының екі аяғы 18 шақырым, ал өзінің екі аяғы 19 шақырым жүріп өткендігін мәлімдейді.

Сұрақ: Осының шынымен болуы мүмкін бе?

4. Ауруханадағы Мұрат туралы

Мұрат үш күнін ауруханада өткізді. Оның ешбір жері ауырған жоқ және жарақат та алмаған. Бірақ оны аурухандан шығарып алар кезде көтеріп жүруге тура келді.

Сұрақ: Неге?

5. Жұмыртқа туралы

Сіз қолыңызда екі бірдей тауық жұмыртқасын ұстап тұрсыз. Бір жұмыртқаны қолда тапжылмастан ұстап, ал екіншімен қатты серпінмен келіп ұрасыз. Соққы екі жұмыртқаның бірдей жеріне тиді (мәселен, үшкір жағына).

Сұрақ: қайсы жұмыртқа шытынайды, ұрған жұмыртқа ма, әлде, тапжылмай ұстап тұрған жұмыртқа ма?

6. Аяқ-киім тазалау туралы

Түркияда көптеген аяқ-киім тазалаушылар өтіп бара жатқан адамдарға ақысыз қызмет ұсынады. Алайда, олардың ұсынысын қабылдаған адам өздігінен ақша төлейтін болып шығады. 

Сұрақ: Не үшін?

7. Жедел мобилизациялау туралы

Галлдық абыздар соғыс болған жағдайда сарбаздарды жедел мобилизациялайтын тоқтаусыз әдіс ойлап табады. Ол үшін абыздар бір ғана адамды құрбандыққа шалған.

Сұрақ: Қандай адамды?

Жауаптың сізден екенін ұмытпаңыз!


Категория: Сми-Жми | Добавил: АбылайхаН1784 (26.08.2013)
Просмотров: 1460 | Теги: Жақсы әдет - жақсы отбасының белгіс | Рейтинг: 2.4/7
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz