Вторник
14.05.2024
01:31
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Махаббат жайлы өлеңдер [31]
Әзілді SMS-тер [4]
Қайырлы түн! [1]
Махаббат туралы смстер [3]
Смс Суреттер [6]
Онлайн СмС жолдау [0]
Спамдар [2]
Қайырлы таң! [5]
Хикаялар [2]
Махаббат жайлы мақалалар [22]
Романтикалық идеялар [9]

Мини-чат
200

Наш опрос
Махабат дастандарын оқисыз ба?

Всего проголосовало:537

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат туралы смстер » Махаббат жайлы мақалалар

Адамға арналған жасанды бақыттың құпиясы

Адамға арналған жасанды бақыттың құпиясы


Бақыт - қоршап алған қиял сағымы. Адам не істемесін, неге ұмтылмасын - ол тек қана бақыт туралы ойлаумен болады. Бұл ретте сол бақыттың өзі нақтылық жағдаяттарға тәуелді. Ал егер осы бір алғышарттар (орындалуы) көңіліміздегідей орын алмаса немесе сәйкес келмесе, онда біз бақытсызға айналамыз. Бақытқа қаншалықты қатты қол жеткізгіміз келген сайын, соғұрлым жету қиындай түспек. 

Бақыт - біздің өміріміздегі №1 арман.  Өйткені, адам көлік, жұмыс, үйді емес, ең алдымен бақытты қалайды - бақытты болу. Бақыт - бұл біздің шын қалауымыз, бірақ, шын мәнінде, бізге шындап алғанда көп қажетті нәрсе емес. 

Сонда бізге не қажет? Жауабы өте қарапайым әрі қарабайырлау - бізге ертеңгі күнімізге сенімділік сыйлайтын, өзімізде болып жатқанға түсінік беріп, үйлесімділікті тарту ететін нәрсені іздеп табу қажет. Өзімізді түсініп үйренсек, сезінсек және бүгінмен, осы жерде, осы қазір өмір сүрсек...

Өз-өзімізді дәл осы жерде, дәл қазір зерделеп үйренуіміз дұрыс. Бізге өзіміздің шын мәнінде кім екенімізді, бұл әлемде қандай орын алатынымызды, біздің өмірлік мақсатымыздың неден тұратындығын және бұл планетаға не үшін келгенімізді зерделеу қажет. Зердемен өмір сүру арқылы, біз, ақыр аяғында, бізге тиесілі бақытты ала алмақпыз. Және бұл бақыт сыртқы жағдаяттарға еш қатыссыз орнайды. Бақыт әрқашан бізбен бірге табылып, толық қуатын сезіне алатындай халде өмір сүрмекпіз. 

Балалық шақта біздер шын бақытты едік қой (еш себепсіз-ақ). Өмірге, табиғатқа қуанушы едік, айналамызды қоршап жатқанның бәріне қарай отырып, шат-шадымен күйге енуші едік қой. Сосын, жас ұлғайған сайын, жұмыс жасай бастаған уақытта, біз бүтіндей күтім мен күтуден тұратын ересектердің мазасыз әлеміне ендік. Ақ ұлпа қар секілді әр жолы бір жерге асықтық, әр жолы жылы желдің демінде еріп кетіп жаттық.


Өмірлік мәреде толассыз талас-тартыс туындайды. Өйткені, санаулы жылдар ішінде, санауға келместей мейлінше көп нәрсе істеп тастауымыз керек. Белгілі қағидат бойынша: "Ағаш егу, үй салу және бала-шаға өсіру" деген ұранмен қоса, мақсат-мүдденің тізімі келіп қосылады: көлік сатып алу, мансап құру, бай болу және т.с.с.

Күн астындағы күресте қоршап жатқан әлемнің кереметтілігін байқамаймыз, адамдарды елеп-ескеруден қаламыз, құстардың дауысын ұмыт қалдырамыз, басқаша айтқанда, өзіміздің тамаша өміріміздің қарапайым әрі сол уақытта ерекше көп сәттерін көрмей, жіберіп алып жатамыз.

Қас-қағым сәттің қуаныштары бізді жиі шын бақыттыға айналдырады. Уақыт тоқтаусыз алға жылжиды және сағат тілі үнемі алға жүріп отырады, жақындарымыз бен достарымыз бізге қаншалықты жақын әрі қымбат болғандықтарын естіместен өтеді, балалар байқаусыз өсе береді және қажетті ата-ана қарауынсыз, аялы алақан күтімінсіз, жылуынсыз есейеді... 

Есіңізде болсын, толыққанды бақыт үшін Сізге, және сіз секілді өзгелерге де әрқашан бір нәрсе жетіспей тұрады. Газет беттері мен теледидар экранынан берілетін апат, соғыс, кісі өлтіру жайындағы негативті ақпарлар өмір сүруді қиындата түспек. Егер осы бір жаңалықтарды естіп, көріп білетін болсаңыз, онда, кез келген адам ашу-ызалы күйге еніп, нәтижесінде өз өмірін қара-сұр көлеңкеде елестетін болмақ. Осы тұста біздің өмірге келеңсіздіктер орнап, бақытсыздықтар келіп, келіп қалғаны белгісіз, әрқилы жан жарасы мен ауру түрлері туындайды. Біздерге өмір деген - бұл бірыңғай проблема мен күтім-күтімшіліктен тұратындай ыңғайлы көрінбек. 

Категория: Махаббат жайлы мақалалар | Добавил: АбылайхаН1784 (21.08.2013)
Просмотров: 1463 | Теги: Адамға арналған жасанды бақыттың құ | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz