Суббота
20.04.2024
13:37
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Махаббат жайлы өлеңдер [31]
Әзілді SMS-тер [4]
Қайырлы түн! [1]
Махаббат туралы смстер [3]
Смс Суреттер [6]
Онлайн СмС жолдау [0]
Спамдар [2]
Қайырлы таң! [5]
Хикаялар [2]
Махаббат жайлы мақалалар [22]
Романтикалық идеялар [9]

Мини-чат
200

Наш опрос
Неше сүйіктіңіз болды?

Всего проголосовало:613

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат туралы смстер » Махаббат жайлы мақалалар

Махаббат, сүйіспеншілік, үміт, арман, сезім туралы

Махаббат, сүйіспеншілік, үміт, арман, сезім туралы

Ыстық сезімнің тууы шырпының тұтанғанындай.
 
Сүйіспеншілік бар жерде жеккөрушілік те бар. Бұл екеуі өзара қайшылықта жүрмесе, ешбір тепе теңдік заңы сақталмас еді. Адамды адам сыйламайтын қоғамда қанаудың барлық атаулысы үстемдік етеді.
 
Біреудің қасіретін өз қасіретіңдей сезінбесең және шаман келгенше қол ұшыңды бермесең, зиялы азамат деу қиын.
 
Сыйлай білмеген, сұрай да білмейді.
 
Жек көре білмеген, сүйе де білмейді.
 
Барлық адамдарда сезімнің жеткілікті екендігін ойға сақтаған жөн.
 
Үміт күттіреді, күдік кетіреді.
 
Шын махаббатты жұлдыздардың жарықтылығымен ғана салыстыруға болады.
Жұлдыздардың бірі жарық, бірі көмескі болады. Махаббатта сондай бірі жарқын жарық, бірі ғарыштан аққан тастай жарық та махаббатқа кездесе беріңдер.
 
Махаббат шектеусіз сезім, оған тоқтау салып жүрген өзіміз.
 
Махаббат періштесі де, сайтаны да әйел, бірақ кездесіп табынасың.
 
Кәрілік махаббатқа бөгеу деген ойды іші тар адам айтқан болуы керек, махаббат кәрі, жас деп бөлінбейтін сезім, махаббат сезімі қартаймайды.
 
Махаббатқа тұсау салма, ол барып түрған әділетсіздік.
 
Махаббат шын да, тұрақты да, өткінші де бола береді, сондықтан да адамдарды сөгіп, «бетім-ау» дегенді қойған дүрыс. Сол «бетім-ау» да қарап жүрген жоқ сияқты, саңылаудан жел өтпей қоймайды.
 
Махаббат екеудің бірге теңелгені, қиын, сенімсіз, бірақ ақиқат.
 
Шын махаббат екі жүректің соғуының резонансқа түсуі, көз оттарының біріне-бірі түсіп тұтануы нәтижесінде болатын нәзік сезімдердің жиынтығы.
 
Махаббаттың ізі — сезім, әміршісі — жүрек, пайда ой ойлатпайды.
 
Барлық халық біткенге тән ортақ сезім — махаббат, ол ыстық жар құшағында да, суынып өліп бара жатқанда да сақталатын сезім, сондықтан біз бәріміз де оған құмармыз. Құмарлана береміз, өмір заңы осы.
 
Кімді болса да, нені болса да толық түсіну үшін не шын беріліп сүю, не шын беріліп жек көру керек сияқты.
 
Жаман махаббат болмайды, жаман махаббат иесі болады.
 
Адал махаббат сұлулықтың періштесі.
 
Өзгені жасырсаң да, махаббатты жасыра алмайсың.
 
Сезімнен нәзік, бірақ күшті нәрсе жоқ, оған көп беріле беруге болмайды, бәз-бәз шектегенің дұрыс.
 
Сезім от болып жандырады, су болып сөндіреді.
 
Адамға асықпай, ұмыттырып келетін сезім өкініш. Біз туғанымызға да
өкінеміз, өлгенімізге де өкінеміз, адамның бабын табу қиын-ақ.
 
Сезім жүрекке ғана ұяламайды, бүкіл денеңе ұялайды, сүйтіп сүйегіңе де сіңеді.
 
Алда үміт болмаса, жарық дүние де қараңқы.
 
Бақытты не ұлы болады, не елден қалған жаман болады!
 
Бізді өмірбақи жетелейтін үміт, тіпті өліп бара жатып,үмітпен кетеміз.
 
Үміттің жібі мықты да, ұзын да, дәмелендіріп жетелей береді.
 
Көкейкесті арманың іске асқанда нағыз шаттық сезімге бөленесің, өміріңнің барлық қиындығы әп-сәтте ұмыт болады.
 
Танырқап іздегенді де қолыңа ұстайтын күн туады.
 
Бақытқа ойда жоқта да кездесуің ғажап емес, үміт үзбей еңбек ет.
 
Адамды тәтті үміт қана жұбатады.
 
Қиялданып өзіңді-өзің жаңа бір кеңістікке әкелесің, уақыт өлшемі дегенді білмейсің, мәңгілікте жүргендей сезінесің, міне қиялдың кереметтілігі. Қиял адамның жан серігі.
 
Шын қиялданғанда қас-қағым уақытта денеңе ғаламат күш, энергия, мол қуат пайда болады.
 
Қиалға берілген адам ойдың нақтылы ма, нақтылы емес пе, онда жұмысы жоқ, шарықтап қиалға шек қоймай, ой кемесіне отырып кете береді.. Артынан қажеттісі өзі өкшеліп шығады.
 
Махаббат сезімін ақтамаған адамда нұрлы сөз болмайды.
 
Мекен жайын біліспеген махаббат күлге айналған шоқ, желмен кете береді.
 
Сүйген сүрінбейді, сүрінсе де, білінбейді.
 
Махаббат тіршіліктің көзі, денсаулықтың күйі мен сыры.
 
Жолдастары В.А.Сухомолинскийден сұрайды: «Өміріңіздегі ең басты не?», деп, «Балаларға деген сүйіспеншілік», деп жауап беріпті.
 
Махаббат ең ұялшақ, ең нәзік, ең ойшыл, ең күшті сезім, сондықтан да оны адам баласы ардақтайды, жырлайды, әнге қосады, аңыз етеді.
 
Махаббат сатылмайтын ұғымның, сезімнің бірі, адам тарихы осыны түсіндірумен келеді, келешекте де солай  бола береді.
 
Жас кездегі махаббат жігерлендіреді, кәріліктегі наздандырады.
 
Махаббат жастың да, кәрінің де кәдесіне тиген табиғаттың берген сыйы, оны ардақтау және құрметтеу борыш та, міндет те.
 
Махаббат жүрекке от, көзге ұшқын, көңілге қуаныш, денеңе ыстық сезім ұялатады.
 
Барлық адамдарды сүйе алмайсың, бірақ сыйлауға ұмтылу керек, әйтпесе сүйген адамыңды таба алмайсың.
 
Тіршілік бар жерде махабат туып жатады,  оған ешкім де кедергі бола алмайды, сондықтан да ол мәңгі.
 
Көңіліңде махаббаит оты сөнсе, адасып жүргендей боласың, міне махаббат сезімінің күші неде!
 
Екі жасты махаббатынан ажырататын сөз айтқан адам жаудан да жаман, ондай адам не жексұрын, іші тар қызғаншақ, адамдық ар ұят, адамға деген ерлігі жоқ, қара ниеттегі пенде ма деймін.
 
Әділдік болмаған жерде махаббат сезімі жоғалып, оты сөнеді.
 
Махаббаттың тілі сөз емес сезім, аудару тілемейді.
 
Ғашықтыққа өлшем жоқ.
 
Екі жастың махаббатының отын сөндірген жігіттің ішінде түкті шайтан жатыр, ондай жігіт түбі оңбайды.
 
Сүйіспеншіліктің алғы шарты сезінуден басталады. Қызғаншақтық махаббатты берік етпейді, қайта бұзуға әкеледі.
 
Сезініп ақымақ болсаң, арман көп, сезінбей ақымақ болсаң, ұмыт қалады.
 
Па, шіркін бақыт ай! Ақымаққа бақ қонса, ақылды болады. Ақылды басын шұлғып, нанын тауып жейді.
 
Сезім күшеймей, сенім бекімейді.
 
Ақындар махаббат періштесі, жырлау мен лирикасына шектеу қоймаңдар.
 
Махаббат әділдік пен адалдықтан туып бекиді. Екеуінің бірі болмаса, оның ғұмыры ұзаққа бармайды
 
Махаббат бар жерде жек көрушілік те бар. Бірақ біз екеуіне де есіміз кете елжірейміз, ренжиміз, сүйтіп ең соңында санымызды соғып құр қаламыз.
 
Арман орындалмай кетуі өкініш емес, қол жетпесіне сенесің, ал махаббат антының орындалмауы әр кез естен кетпейді.
 
Жастар сүйіссе үндемейсің, жымиясын, қуанасың, ал кәрі сүйіссе «ой-бай, бетім-ай» дейсің, бірақ іш пікіріңде басқа жатыр, не қызығасың, не қызғанасың, не жас шағыңдағыны еске аласың.
 
Адамдар арасындағы махаббат бірімен-бірі көрібейтін сезім жібінен тұрады, оның бірі берік, бірі нәзік, сүйтіп «сезім жібі» үзілгенде, махаббат беріктілігінен айырылады, ол үзілмес үшін аяулы алақан, ыстық жүрек, өзара сыйластық пен ар-ұят екі жақта да бірдей болуы шарт.
 
Серт — махаббаттың құлпы, кілті кім сертте болса соның
қолында.
 
Үш ұғымға ғашықпын: әйелдер көңіліне, ұшқыр ойларға және мәнді сөздерге.
 
Зорлап «сүйген», қорлап сүйген.
 
Біліспеген махаббаттың басы — ыстық, соңы суық.
 
Шын ғашыққа —- тіл тұтқында.
Сонар қар — алғашқы махаббат қары, оның домалақтап, ұнатқан қыздың оң иығына тигізуге тырысушы едік, сонда ол сенің қалыңдығың болады деп ойлайтынбыз балалық шақта.
 
Махаббат сезімі ақша қардай әйелдер бар, бұлар жігіттің бақыттысына ғана кездеседі.
 
Махаббат от-жалыны суынған денеңмен бірге кетеді.
 
Қосылмаған махаббатка айтарым: періште болдың ба, пері
болдың ба?
 
Махаббатта сабыр жоқ, жәй өзіміз жасырып жүрміз.
 
Бойдақ бір тамағым, бір арманым бар деп жүре береді.
 
Махаббат отын жағатын да — тіл, сөндіретін де — тіл.
 
Ғашықтық — дерт те, у да, емін мен шипасын таба бер.
 
Шын ғашықтың көңілі пәк, көзі отты.
 
Екі ғашық қосылмаса, ант пен серттің санаға қонбағаны, күдіктік
сенімдікті жеңді деген қорытындыла.
 
Үміті, сенімі, махаббаты бар пәнделерден түңілуге болмайды.
 
Махаббат кітаптың беттері сияқты, бір бетін оқып сүйсінесің, келесісін оқып күйінесің, арғысын оқып жұбанасың, одан арғысын оқып өкінесің, ақыр аяғында бір беті маңдайыңа жапсырыла қалғанын сезбей де қаласың, сүйтіп махаббат тауып назданасын.
 
Қимас жан-жарында да жеті мін болады, ол алтындай таза дей берме.
 
Адамның ғажаптығы сонда, ол өле-өлгенше үш нәрсеге ынтық болып кетеді: үстемдікке, байлыққа, махаббатқа.
 
Адамды адамның сүюі парыз, әйтпесе ол айуанмен шамалас бірдеме.
    
Жаңа ғасырға нені апарар едің десе?
— Махаббат, тек махаббат дер едім.
 
 Біздің ойымыз үмітке толы, үміт барлық іс-әрекеттің алдында ұшып жүретін, жерге қонбайтын құс па деймін? Өйткені үмітсіз бірде-бір адамды көрген емеспін. Үміт — жұбаныш құс па, әлде?
Күткендер арманына жетеді екен, жетпеген қайғылы боп өтеді екен.
 
Арман алыстаса да, үмітті өзің жақындатасың.
 
Болмаса болады, толмаса толады, жоғалса табылады, сұраса алады деген үмітпен тіршілік жасап келеміз.
 
Шайтан жұмаққа кіруге үміттенуде, құдай кіргізбеуге үміттенуде, екеуі де жер бетінде тіршілік біткенше үміттенетін сияқты, төзімділіктің де шексізі
бар-ау тегі! Жаратқан да үмітпен өтетінін ескер.
 
Түйедей арманнан іске асқан көжектей арман артық.
 
Әр адамның өзінің үміт шырағы бар, ол оны алыстан көріп, көңілі тоқ көреді.
 
Адамды барлық пәледен құтқаратын болашақта көремін деген үміті.
 
Үміттенбеу өліммен тең.
 
Өкініштен атқан таң өкінішпен батады, бірақ үміт таңы батпайтынын да ескерген дұрыс.
           
Жадыңда болмағанды, өніңде де көре алмайсың, қиалданып, ізденіп жүрген дұрыс.
 
Тілек пен үміт бірін-бірі жетелейтін егіз сәби сияқты.
       
Ізденгіш болсаң, арманшыл да бол, біріне бірі серік болады.
 
Шошқада арман, шайтанда үміт жоқ.
                           
Ерік-қайраты аз адам арманшыл келеді, бірақ бірі де іске аспайды.
Категория: Махаббат жайлы мақалалар | Добавил: АбылайхаН1784 (03.07.2015)
Просмотров: 3694 | Теги: сайтаны да әйел, оған тоқтау салып жүрген өзіміз. Ма, Махаббат шектеусіз сезім, бірақ кездесіп табынасың. | Рейтинг: 5.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz