Пятница
17.05.2024
09:45
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Махаббат жайлы өлеңдер [31]
Әзілді SMS-тер [4]
Қайырлы түн! [1]
Махаббат туралы смстер [3]
Смс Суреттер [6]
Онлайн СмС жолдау [0]
Спамдар [2]
Қайырлы таң! [5]
Хикаялар [2]
Махаббат жайлы мақалалар [22]
Романтикалық идеялар [9]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сізге сайт ұадыма?

Всего проголосовало:503

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат туралы смстер » Махаббат жайлы өлеңдер

~Өз көзіңе сену қиын…!~


~Өз көзіңе сену қиын…!~


Қазіргі кез, әлде заман…
Өзгердіме мүмкін адам…?!
Неде болса көп жастардың
Ойларыда мүлде арам…
Сол үшін де сене алмаймын,
Көп жүздерге шырайланған…
Сол себепті өз жүрегім
Өзге жанға бұйырмаған!

Көпке қызық мен жайында:
"Жігіт барма, әлде жоқпа…?!"
"ЖОҚ әрине"-деп қайтарсаң,
Сұрағы оның:"Ойың бар ма?!"

Әркім келіп мазаңды алып
Өтірікті судыратып
Білмей тұра сезім жырын,
Айтары сооол…, махаббатта…
Кім біледі ол сөздерді
Қанша адам естіп келді
Айтарым сол, бірақ сөз - жоқ!
"Реңжімегің, жібер мені…!"

Нәзік жүрек дүрсілдеді
Пәктік сақтап үлпілдеді!
Еш адамның қолы тимей
Көзге түсті… мөлдіреді…

"Саған жігіт болу арман" ―
Деген адам таусылмаған
Жігітімнің болмағанын
Айтсамдағы қалдырмаған…
"Іздегенің мен ғой сірә…?!" ―
Деп қоймайды әркім қуа
Бір арласып біліп болып,
Көз жетеді арласпауға…

Көптің бірі, жердің кірі
Болудың бар не керегі?!
Жүріп қалу… ойнау, күлу…
Қызық емес, тек кетеді…!

Арманым сол, жалғыз адам
Болса деймін, тек бір - қадам!
Сыйластықпен өмір сүріп
Түсініп тек жүрсе деймін!

Махаббат - деп ән салғанмен
Шын сезіну қиын неткен
Айналаның бәрі жалған… 
Қалай енді сенсем екен…?!

Өмірде де боп қалмайма,
Шын суйетін — жаны айна
Қос жанардан сезіндіріп,
Батыл бармас бақ алмайма?!
Бақты болу талайларға
Қолы жетпес арман айла
Себеп оған — құн арнайы!
…Жаратқаным, сынамай ма?!

Махаббаттың ең қаттысы―
Құштарлығы, тартылысы…!
Сезім ішсе бала жастан…
Азғырмай ма сонда жыны?!
Жас кезінде бой алдырып
Ұшырмай ма, өзі бақты?!

Қалауына тыйым сала,
Ұстамайма өзін қолда !
Пәк адалжан шын махаббат
Сыйламай ма сонда Алла…?!

Бірақ қазір айталмас ем
Шын сүйетін табылар деп
Әрі кетсе құлай суйген
Адам кезі екі-ай дер ем…
Бір қарасан жанын… берер
Бірде айтар: "жалғызым"-деп
Ендігіде майлап сөйлер
Өзгелерге: "алтыным"-деп…

Адам тану ӨТЕ ҚИЫН
Алдамшы жүз сыну қиын…
Ең соңында танып болып
Өз көзіңе сену қиын…! 

Ав: Айгерім Кундебекова
Категория: Махаббат жайлы өлеңдер | Добавил: АбылайхаН1784 (20.08.2013)
Просмотров: 1074 | Теги: Өз көзіңе сену қиын…! | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz