Пятница
17.05.2024
06:04
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Махаббат жайлы өлеңдер [31]
Әзілді SMS-тер [4]
Қайырлы түн! [1]
Махаббат туралы смстер [3]
Смс Суреттер [6]
Онлайн СмС жолдау [0]
Спамдар [2]
Қайырлы таң! [5]
Хикаялар [2]
Махаббат жайлы мақалалар [22]
Романтикалық идеялар [9]

Мини-чат
200

Наш опрос
Неше сүйіктіңіз болды?

Всего проголосовало:613

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат туралы смстер » Махаббат жайлы өлеңдер

Туған жерден жырақтағы тірлік !!!!!
Туған жерден жырақтағы тірлік



Туған жерден жырақтағы тірлік
(немесе студент қыздың
сағынышы)

Еркесі едім сағымның, қуған
желдің,
Ортасында жүруші ем думан
белдің.
Қала таңын мен тұрмын қарсы
алып,
Аппақ таңын сағынып туған
жердің.
Жұмбақ қала, құшақ аш, қарсы ал
бүгін,
Сағынышқа толы ғой ән
сандығым.
Жаңбырыңның астында жылап
тұрмын,
Есіме алып ауылдың ақ
жаңбырын.
Көңілімнің күдігін аршы мына,
Биігіңнің, туған жер, қал шыңына.
Сылдыраған мөп-мөлдір өзені де,
Ауылымның жетпейді
шалшығына.
Куә болған кіршіксіз арманыма,
Сендік қуат мен үшін жанға дұға.
Тіпті сенің төбеңе татымайды,
Бұл қаланың біп-биік таулары да.
Табиғатым, сұлусың.. ұғынбадым..
Қалай көрмей жүргенмін бұрын
бәрін?
Өзің жайлы өктемдеу сөз естісем,
Шығып кете жаздайды шыбын
жаным.
Кеудемде бар жерімнің оты
жалын,
Күнде ауылға хат жазып
отырамын.
Ат басындай алтынға туған
жердің,
Айырбастамас едім топырағың.
Менің сорлы үмітім, үзіл бүгін,
Жазған хаттар жыртылды,
сызылды мың.
Күн батқанда ауылдың тұрам
ылғи,
Қырдан батқан көргім кеп қызыл
Күнін.
Өзгергенмен өмірде ғасыр
жүйем,
Сенен қуат аламын, асыл кием!
Жырақ жүрсем «сағыныш»
болғаны үшін,
Туған жердің алдында басымды
ием!!

@Ләззат Мақаш
Категория: Махаббат жайлы өлеңдер | Добавил: АбылайхаН1784 (05.09.2013)
Просмотров: 981 | Теги: Туған жерден жырақтағы тірлік | Рейтинг: 1.6/7
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz