Пятница
17.05.2024
04:48
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Махаббат жайлы өлеңдер [31]
Әзілді SMS-тер [4]
Қайырлы түн! [1]
Махаббат туралы смстер [3]
Смс Суреттер [6]
Онлайн СмС жолдау [0]
Спамдар [2]
Қайырлы таң! [5]
Хикаялар [2]
Махаббат жайлы мақалалар [22]
Романтикалық идеялар [9]

Мини-чат
200

Наш опрос
Неше сүйіктіңіз болды?

Всего проголосовало:613

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат туралы смстер » Махаббат жайлы өлеңдер

Махаббат туралы өлеңдер

        Махаббат туралы өлеңдер



Махаббат туралы жырлар 8 наурыз мерекесінде ғана емес, өмір бойы жүрегіңізді тербетіп, жаныңызға дәру болсын...

Ойлай бер мені

Тағатсыз күткен ыстық үн,
Жаралы хал ғой – ғашық хал.
Күйсандық көрсең, бір тілін
Мені ойлап бар да, басып қал.

Тек қана көзге жас алма,
Ойлай бер мені күніге.
Махаббаттардың қашанда
Ойламау жеткен түбіне.

Жаныма қап ең жақын боп,
Жүректе бүгін сыздау көп.
Мен болсам кеттім ақын боп,
Азырақ бақытсыздау боп…

Жолығар болсам қайта мен
Сағыныш толы сол шақпен.
Бәрін де саған айтар ем
Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.

Төлеген Айбергенов

 

Жерідің менен...

Жаз өтті бастан, қыс қалды дедім,
Жерідің менен мүлде сен.
Ғұмырым бірден қысқарды менің,
Не үшін, не деп күн кешем?
 

Кеудемде мейірім, ар-намыс барын
Көремін дағы сорымнан.
Сұр өмір сараң алданыштарын
Сыпырып алды қолымнан.
 

Көкірегіме шер толып, Тектім,
Айта алмай аузым мұңды әнді,
Өкініштен мен өртеніп кеттім,
Ішімде сұп-сұр күл қалды.

Жұматай Жақыпбаев

 

Арифметикадан басталған өлең

Бірге бірді қосқанда не болады?
Онда өмірден бойдақтар жоғалады.
Алдында тұрған шақта асу белең
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.
 

Өседі адам қияға қарап тұрып,
Қалықтайды қиялын қанат қылып.
Жалғыз өткен күндерден жалығады ол
Сенімінің жеңісін санап тұрып.
 

Алдында тұрған шақта асу белең,
Қандай жақсы мақсатты қосу деген.
Көрші, әні, айрылған сырласынан
Бір мұңлы күй төгілтіп тұлғасынан
Төсінде шөл даланың жалғыз ағаш
Тұрады қолын бұлғап қыр басынан.
 

Бұл өмір бір күн шаттық, бір күн егес,
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес.
Болсын мейлі көл жалғыз, терек жалғыз
Менің жалғыз болуым мүмкін емес!
 

Бірге бірді қосқанда не болады?
Онда өмірден жалғыздық жоғалады
Жоғалсын, мәңгі көргің келмес оны
Білемін, аңсайсың-ау сен де соны
 

Ия, өмір бір күн шаттық, бір күн егес
Тірліктің барлық мәні күлкіде емес
"Екі” деген егіз сан аман болса
Менің жалғыз қалуым мүмкін емес!

Мұхтар Шаханов

 

Телефон шыр етеді...

Телефон шыр етедi:
Сонда менiң жүрегiм дiр етедi,
Көйлегiмнiң желбреп гүл етегi
Жүгiремiн. Не пайда сен емессiң.
Тек қимылдау көңiлдi жүдетедi.
Кешке дейiн неше рет дiрiлдетiп
мәнсiз, арсыз алаңмен күн өтедi.
Телефон, шыңғырсаң да,
көтермеймiн ендi мен – қылғын сарна!
Жүрегiме тыныштық бермей қойды-ау,
төбесiнен бiр қойып сындырсам ба!?
Әне тағы… сенi ме! Қоңыр дауыс!
Трубканы сүйiп мен тұрдым сонда.

Фариза Оңғарсынова


Гармония

Күн батты.
Ақшам уақыты.
Кеудемді күй кернесін кеп!
Күй тыңдап, мен жылап тұрмын
"Әрқашан Күн сөнбесін…” деп.
Күннен Сен жақынсың, Раббым!
Күнді де жарық қылған – Сен!
Бәлкім, Сен – ақынсың, Раббым?
Жерді де ғаріп қылған – Сен.
Мәңгілік Күнді айналдырып,
Кете алмас ғашық еткен Сен,
Біздерге, төзе алмас ек-ау,
Осындай қасірет берсең!…
Жер беті – ғаламат майдан,
Сен ғана сақтаған жанын,
Майданға аттанған(дар)дың…
Жер беті – мұң менен қайғың…
Қайғымды азайтшы, Раббым!
Түннен соң таңыңды атыр,
Күніңмен жылыта бер де,
Бір саған тәуелді пақыр
Пендеңді ұмыта көрме!
Бұл әлем шектелмес Жермен,
Жердегі ғұмыр бір – фәни…
Шын әлем – Сен сыйған кеудем,
Шын әлем – Сен сүйген нәби!
Күн батты.
Ақшам уақыты.
Жас болып тамдым сағаттан…
Шын  әлем – екеуміз, ЖАНЫМ!
Әлемді БІЗден жаратқан…

Назира Бердалы



Категория: Махаббат жайлы өлеңдер | Добавил: Mastaman (30.05.2013)
Просмотров: 4594 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz