Пятница
17.05.2024
08:04
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Махаббат жайлы өлеңдер [31]
Әзілді SMS-тер [4]
Қайырлы түн! [1]
Махаббат туралы смстер [3]
Смс Суреттер [6]
Онлайн СмС жолдау [0]
Спамдар [2]
Қайырлы таң! [5]
Хикаялар [2]
Махаббат жайлы мақалалар [22]
Романтикалық идеялар [9]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сізге сайт ұадыма?

Всего проголосовало:503

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат туралы смстер » Махаббат жайлы өлеңдер

ІЗДЕУ САЛАМЫН!!!

ІЗДЕУ САЛАМЫН!!! 




Шапқысы келген сәтте түзге шамам,
Тең келмес, "Ақын жүрек", бізге еш адам.
Бүгінгі сері жігіт, жер бетінен
"НАҒЫЗ ҚАЗАҚ АРУҒА" іздеу салам!

Жырменен жолдас болған қара ұлға,
Қыз керек мейірім бар жанарында.
Көкірек кермей көкке, бағалайтын,
Серінің өнерін де, талабын да.

Жанарына бойлайтын мүлгіп терең,
Серісінен бір ауыз сыр бүкпеген.
Болып жатса дәл сондай қазақ қызы,
Өмірінің әр күнін гүл қып берем!

Ақ ажары күлімдеп, сырға тұна,
Қимастайын қабағы мұңға сірә.
Жүзі сұлу, дәл сондай жүрегі де
Көз жауын алатындай сымбаты да.

Ауласа ата-анамның көңілін де,
Орын алса осынау өмірімде.
Өмірдің бар ғажабын сыйлар едім
Қайғыны көрмес еді өңі мүлде.
...
Арулар!Деме маған "айыптысың"
Ой қанатын айқара жайып түсін.
Іздеймін,жүрек тулап жазған жырға
Шынымен лайықтысын.
...
"Керегі-тәні сұлу, жаны сұлу,
Айтқан сөзі, шырқаған әні сұлу.
Бөліп-жарып қажеті жоқ, шын мәнінде
Қазақтың қыздарының бәрі сұлу"

Осындай ой айтар деп аян беред(і)
Мен-Қыран, қанатымды жаям бөлек.
Жар іздеген-Қозы Көрпеш мен болғанда,
Қозыға Жібек емес, Баян керек!
..
...
Мұқақ Өркен Алтынбекұлы
Категория: Махаббат жайлы өлеңдер | Добавил: АбылайхаН1784 (20.08.2013)
Просмотров: 1152 | Теги: ІЗДЕУ САЛАМЫН!!! | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz