Пятница
17.05.2024
04:48
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Махаббат жайлы өлеңдер [31]
Әзілді SMS-тер [4]
Қайырлы түн! [1]
Махаббат туралы смстер [3]
Смс Суреттер [6]
Онлайн СмС жолдау [0]
Спамдар [2]
Қайырлы таң! [5]
Хикаялар [2]
Махаббат жайлы мақалалар [22]
Романтикалық идеялар [9]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сіз махаббатқа сенесізбе

Всего проголосовало:265

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат туралы смстер » Махаббат жайлы өлеңдер

Қайталанып құлағымда жатты үнің,


Қайталанып құлағымда жатты үнің!!!




Қайталанып құлағымда жатты үнің,
Көз алдымда көлбеңдеп пәк қылығың.
Кетсеңде сен алшақтап алғыс айтам,
Сағыныштан сарғайтқан тәтті мұңым.

Тәтті мұңым сен менің бал шекерім,
Сен кеткелі жетімсіреп қалды өлеңім.
Сезбедің-ау бір бейбақтың сен кеткенде,
Көзін жұмып жүрегінен жас төгерін.

Содан бері сезімнен солған гүлім,
Қуанышым шат күлкім жалған бүгін.
Сезбедің ғой оралмасқа ұзағанда,
Бір жүректің жарты боп қалғандығын.

Сезбедің ғой ештеңе байқамадың,
Көп еді ғой саған әлі айтар әнім.
Жүрегімнің жартысын жоғалтқалы,
Мекен етіп келемін қайғы аралын.

Байқамадың шынымен байқамадың,
Жарым жүрек сенімен жай табарын.
Суым сен ең нәр берер тамырыма,
Семен ғана гүлденіп жайқаламын.

Жайқала алмай жанымда өспей гүлім,
Сен кеткелі күніме көшпей түнім.
Білмедің ғой жүрегім жазылғанмен,
Жара орны ешқашан өшпейтінін.

@Әбдіразақ Ернар
Категория: Махаббат жайлы өлеңдер | Добавил: АбылайхаН1784 (20.08.2013)
Просмотров: 1068 | Теги: Қайталанып құлағымда жатты үнің | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz