Пятница
17.05.2024
05:36
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Студент дәптерінен [14]
Жоғалту мен аңсау [17]
Онлайындағы сезім уілі [0]
Жанарымдағы жыр [11]
Шамның жарығы [20]
Ақындар бөлімі [7]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сіз махаббатқа сенесізбе

Всего проголосовало:265

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат Лирикасы » Жоғалту мен аңсау

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?
Алды ашық көйлек, нәзіктік беретін иіссу, бетке ұқыппен жағылған макияж. Сексуалдылықтың барлық атрибуттары бір мезетте ғана өз маңызын жоюы мүмкін. Ол үшін тіпті қатты тер төгудің де қажеті жоқ. Бар болғаны, маникюріңізді жаңартпай, аяқ киіміңізді таза ұстамай не шашыңызды ұзақ уақыт тазаламасаңыз болғаны. Әйелдің күтім көрмеген сырт келбеті оның сексуалды образының құнын көкке ұшырары сөзсіз.

Әйелдер үнемі сексуалды көрінуге тырысып, оның жолдарын іздеп жүреді. Сол үшін мінезін қатайтып, соған сай киім таңдап, жігіттердің жүрегін жаулап алғысы келеді. Негізі ерлер қауымы әйелдің бойында дәл қай қасиеті, қай жері ұнайтынын өздері де біле бермейді, олар образды толығымен ұнатады. Алайда, оларға әйелдің бойындағы көзге оғаш көрінетін қасиеттер тайға таңба басқандай көрініп тұрады.
Сіз қанша тырысқанмен сексуалды, тартымды көрінбейтініңіздің себебін білесіз бе?
Күтімнің болмауы
Тартымды көрінгіңіз келгенмен еш күтім болмаса, нәтиже де шықпайды. Күтімнің жоқтығы дегеніміз – жартысы сынған тырнағыңыздағы жартысы кетіп қалған бояу; шаң басқан аяқ киім; майланған, қалай болса, солай таралған шаш, т.б. Сонымен қатар қыз баласының денесіндегі жалбырай өскен түк атаулының бәрі де тартымдылыққа кері әсерін тигізеді. Жағымсыз иіс те айналаңызда адам қалдырмауы мүмкін. Тек тердің иісі ғана емес, ауыздан шыққан иіс, шектен тыс көп себілген, тұншықтырып жіберетін парфюм және киімге сіңіп қалған темекі иісі.

Жаман әдеттер
Темекі туралы… Тіпті темекі шегетін еркектердің өзі шылымға құмар қыздарды жақтырмайды. Сол сияқты алкоголді ішімдікке тым құмар қыздарға да оң көзбен қарамайды. Сондықтан темекі шекпес бұрын ойланып алыңыз.

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?

Қыз баласының тартымдылығын құртатын жаман әдеттер қатарына бүкірею әдетін де жатқызамыз. Арқасын тік ұстап, кербездене, керіле түсетін қыздарға назар аударып көріңізші. Уақыт өте мұғалім мен ата-анамызды кезінде тыңдау керек екендігін түсінеміз. Бүкірею байқалмайтын әдетке айналып кетсе де, қазіргі таңда оны түзетуге арналған түрлі құралдар бар. Йогамен айналысыңыз, биге қатысыңыз, дәріханалардан арнайы түзеткіш құралдар сатып алыңыз. Жігіттер қалай болса, солай, талтаңдап жүретін қыздарды да тартымдылар қатарына жатқызбайды.

Қиқар қылық
Әйел айқайлап сөйлеп, қатты күлсе, тәрбиемізге жат, қасыңыздағы жігіттер де ыңғайсыз жағдайға қалады. Алайда, жарқын сөйлеп, күлкісі де жарқын шығатын, әр ортаға белсенді сіңісіп кететін қыздарға кез келген жігіт үйірсек болады. Бірақ, ол – айналасына адам үйірілген қыздың сексуалды екенінің белгісі емес, жәй ғана жыртыңы көп жеңіл қыздың белгісі. Жігіттер салмақты, ұяң, назды дауысты қыздарды сексуалдылар қатарына қосады.

Дұрыс таңдалмаған киім
Мүсінге сай дұрыс таңдалмаған киім де сіздің кемшілігіңізді арттыруы мүмкін. Кейбір еркектер арық қыздарды ұнатса, кейбірі толықша келген қыздарға сүйсіне қарайды. Талғамына қарай сексуалды қыздарды әркім әрқалай көреді. Ал, тырысқан киімнен ап-анық көрініп тұрған май қабаттары ешкімге де ұнамайды. Киімді дұрыс таңдап кию арықтатып жібермесе де, мүсініңізді әдемірек етіп көрсетеді.

Шектен шығу
Аяғыңыз әдемі деп, тым қысқа белдемше (юбка) киіп, жігіттің қасында жөнсіз жыртыңдай берсеңіз, жаман жақтан танылатыныңыз анық. Шекараны білген жөн. Спорт арқылы жеткен мүсініңіз сексуалды көрінеді, бірақ, пластиканың көмегімен үлкейген омырау мен ерін емес. Жігіттер қыздың табиғилығын бағалайды.

Сексуалды көрінбеудің себебі неде?

Ең маңыздысы, өзіңізді қалай бағалайсыз, жігіт те сізді солай бағалайды. Тіпті өзіңізге беретін бағаны айтпасаңыз да, әңгіме арасында болсын, қылығыңыздан болсын бірден байқап қалады. Сол үшін өзіңізге деген бағаңыз жоғары болып, менмендік пен көкірекке ұласып кетпеуін қадағалаңыз.

Категория: Жоғалту мен аңсау | Добавил: АбылайхаН1784 (25.09.2013)
Просмотров: 1234 | Теги: Сексуалды көрінбеудің себебі неде? | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz