Понедельник
29.04.2024
23:26
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Студент дәптерінен [14]
Жоғалту мен аңсау [17]
Онлайындағы сезім уілі [0]
Жанарымдағы жыр [11]
Шамның жарығы [20]
Ақындар бөлімі [7]

Мини-чат
200

Наш опрос
Махабат дастандарын оқисыз ба?

Всего проголосовало:537

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат Лирикасы » Жанарымдағы жыр

Қызғанамыз
Қызғанамыз

Көктем әлі емеспіз, 
Күз ғанамыз. 
Данышпан да емеспіз, 
Біз - баламыз. 
Басымызға болмашы бақыт келсе, 
Өзгелерден өлердей қызғанамыз! 

Қызғанамыз, 
Бес жасар баладаймыз. 
Жақын достың жүрегін жаралаймыз. 
Бар әлемнің алтынын тілеп оған, 
Іштей олай болғанын қаламаймыз. 

Көңілде тұр мұң менен кіші ызғар, 
Қанша жерден болса да күшіміз бар. 
Жақын достар жақсы өмір сүріп кетсе, 
Қызғанамыз! 
Себебі: ішіміз тар! 

Момын болсаң сөйлейміз көкеңдей біз. 
Адамдықтан алысқа мекендейміз. 
Мен болмасам болмайын, 
Бірақ досым 
Менен асып кетпесе екен дейміз. 

Көкбөрідей тұрса да заман ұлып. 
Алла бізді жаратты аман қылып. 
Көре алмайтын, күншілдік... 
Көп ойланам, 
Қайдан келген қазаққа жаман қылық?!

Айбар Ермеккалиев
Категория: Жанарымдағы жыр | Добавил: АбылайхаН1784 (25.09.2013)
Просмотров: 959 | Теги: Қызғанамыз | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz