Пятница
31.01.2025
13:02
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Студент дәптерінен [14]
Жоғалту мен аңсау [17]
Онлайындағы сезім уілі [0]
Жанарымдағы жыр [11]
Шамның жарығы [20]
Ақындар бөлімі [7]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сізге сайт ұадыма?

Всего проголосовало:503

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат Лирикасы » Студент дәптерінен

Махаббат, қызық мол жылдар...

Махаббат, қызық мол жылдар...



Жастық шағы махаббаттың шырынына шынайы қаныққан Абайдың осынау жыр шумағын Нұршайықовтың білдей бір романына тақырып қылып алуы, ол нағыз махаббат машақатын түсіне білген қаламгердің іс – әрекеті. Сұңғыла сезімнің сұлулығын тани білген, танып ғана қоймай сол сезімнің сорақылығын да басынан өткерген Әзілхан Нұршайықов, өзінің әзиз өмірін шығармасына арқау қылғаны оның нағыз шебер жазушы екенін тағы бір аңғарта түсіргендей...

(автор)

Оқыдым, бірнеше қайтара оқыдым. Білесіздер ме?! Оқи бергім келеді. Жалыққан емеспін. Қайта қазіргі заманның қабырғаңды қайыстыратын қанішер қылықтарынан жалыққан кезде, оқығым келеді. Неге дейсіздер ғой?! Ол кітап бейне періште қанатының қауырсынымен жазылғандай бойында пәктік тұнып тұрады. 
Меңтай. Меңтай өзгені қайдам, мен үшін ажарлы аппақ кейпіне, үстіндегі қара бедерлері бар ақ шыт көйлегі көркем жарасып, етегі жел екпінімен баяу қимылдап, ауырлау портфелін екі қолымен алдына ұстап тұрған қарапайым, жүзі бедерлі, шашы қою қара, сүйріктей білектері жіңішке, керемет бір қиялымдағы ару елестейді, кенет. Мен елестетпегем оны, Нұршайықов елестеткен, елестеткен емес, көрген, дәл сол Меңтай аруға ғашық болған. Осы секілді шығармадағы әрбір кейіпкерді оқыған жан өз қиял суретімен келістіріп мүсін жасап алатыны даусыз. Бұл шығарманың ұлылығы да сол, ешқандай тілге еркін аударылуға да келмейді. Олай тұжырымдауымның себебі, шығармада стилистикалық реңк айқын байқалады. Ал стилистикалық реңкі қанық шығарманың міндетті түрде окказионал екенін байқаймыз. Ашып айтсақ, «Махаббат, қызық мол жылдар» романы тек қазақ үшін ғана әспетті әсермен қалатыны анық. Тек қазақ тілінде ғана, шығарманың жан дүниесіне кіріп, кейіпкермен тұстасып өмір сүре аласың. Мәселен, шығарманың тақырыбын орысша аударғанда «Годы любви» деп ғана аударылып қойған. Анығына келсек, өз кезегінде бұл тақырып шығарманы мүлдем ашып тұрған жоқ. 
Мұндай көркем шығарманы көсегесін көгертіп жазып, халыққа кереметтей әсер қалдыру үшін шамасы қаламгерге шалқыма шабытпен, темірдей төзім қажет болар. Ал мұндай шығарманы туғызу Нұршайықов сияқты қазақ қаламгерінің маңдайына бұйырған бақ болар. Дегенмен бұл автордың аса бір дарынға ие екендігі секілді. 
Махаббаттың мәңгілік тақырып екені рас болса, шығарманың да мәңгілік жасамағы заңдылық. Демек, Нұршайықовтың қазақ әдебиетінде алтын ғәріптермен қалатыны да бұлжымайтын заңдылық, аксиома...

Авторы: Ықылас Тұрсынбекұлы
Категория: Студент дәптерінен | Добавил: АбылайхаН1784 (03.12.2013)
Просмотров: 3979 | Теги: Махаббат, қызық мол жылдар... | Рейтинг: 3.7/3
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz