Суббота
20.04.2024
02:00
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Студент дәптерінен [14]
Жоғалту мен аңсау [17]
Онлайындағы сезім уілі [0]
Жанарымдағы жыр [11]
Шамның жарығы [20]
Ақындар бөлімі [7]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сіз махаббатқа сенесізбе

Всего проголосовало:265

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат Лирикасы » Студент дәптерінен

Махаббат әлемінің жасап жатқан жұмысын қалай бағалайсыз?

Махаббат әлемінің жасап жатқан жұмысын қалай бағалайсыз?


ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ МАХАББАТ
Аккаунт аккаунтпен сырласады,
Сырласады, хаттары қырды асады.
Көрінбей монитордың ар жағынан,
Қос ғашық бір-біріне тіл қатады.
Бір-бірін ойлауменен күн батады,
Сырласу жалғасады түнде тағы.

Осының өзінен де бақыт табар,
Сырласып талай алтын уақытты алар,
Өмірінде көрмеген бірін бірі,
Жұмбақ жан жұмбақ жанға ғашық болар.

Заман солай.
Мұндайлар жиіледі,
Жиіледі, тіптен көз сүрінеді…
Сезімге сезім толы жауап күтіп,
Сезімсіз мониторға үңіледі.
Сезімсіз монитордың арқасында,
Шала-жансар махаббат тіріледі.

Амал не, интернеттсіз күн жоқ бізге,
Мейлі ғой, пайдалы іспен түнді өткізсе…
Толассыз жазылатын хаттардан соң,
Ынтық болар суретсіз суретсізге.

Шыныменен адасса ақыл күтпе,
(Айтқан ақыл жарамай жатыр түкке)
Көңіл-күйлер жоғалып жатады екен,
Ғашығында жанбаса жасыл нүкте.

Зиянды, әлде, көп пе шапағаты?
Солай боп тұр, заманның махаббаты
Категория: Студент дәптерінен | Добавил: АбылайхаН1784 (17.01.2014)
Просмотров: 803 | Теги: Махаббат әлемінің жасап жатқан жұмы | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz