Пятница
17.05.2024
21:50
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Студент дәптерінен [14]
Жоғалту мен аңсау [17]
Онлайындағы сезім уілі [0]
Жанарымдағы жыр [11]
Шамның жарығы [20]
Ақындар бөлімі [7]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сіз махаббатқа сенесізбе

Всего проголосовало:265

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат Лирикасы » Шамның жарығы

Өмірдің ажалына берілме !Тек ұмтылыс,сенім, мақсат арманның орындалуына әкеледі.

Өмірдің ажалына берілме !Тек ұмтылыс,сенім, мақсат арманның орындалуына әкеледі.




Замандас ұл мен қызға!

Мұңдымын ...
Шертемін деп шұбар күннің шыңдығын.
Қанша соқыр дегенменен өзімді
Көріп тұрмын замандастың сұмдығын.

Шеше көрдім құрбан болған сәбиі,
Оқыс емес, жазмыш еткен әдейі.
Бейкүнәнің түсті ме екен сорына
Анасының ақ сүті мен әлдиі.

Тағдыр дейді, тастап кетіп перзентін,
Жастығымның қатесі деп өзгертіп.
Қандай қылмыс екендігін ұқса екен
Сәби көрсе, қылған қолмен өз дертін.

Әке көрдім ажырасқан анадан,
Басын тартқан бауыр еті баладан.
Табылар-ау қаусағанда бір басы
Қарттар үйі бұйырмаса, даладан ...

Жары бола жарасып ап өзгемен,
Аты шулап өсек - аяң, кезбеден ...
Еркек біткен саналмай ма өлдіге
Отбасының шын қәдірін сезбеген.

Перзент көрдім безген әке - шешеден,
Пейілі - түн, қарайған қыз, көшеден.
Бағып - қаққан ата - ана емес пе
Торсықтай боп туылғанда кеше сен.

Туған балаң сырт айналса бір күні,
Еске түсер есерсоқтың сұмдығы ...
Ұл - қызыңа беріп жатқан тәрбиең
Қарттығыңда жатар үйдің түндігі.

Жетім көрдім жанарын мұң торлаған,
Жетім емес, жетімсіреткен - сорлы адам.
Бір үзім нан бөліп жеген қазақтың
Тарихында жетім деген болмаған.

Ұрпақ үшін кеңдігі еді пейілдің,
Бабалар-ай мәнін білген сүюдің.
Аналар-ай қанша тұлдыр болсада
Өсіретін баласындай бір үйдің.

Ата көрдім бата, дұға білмейтін,
Әулетіне бір ауыз сөзі жүрмейтін.
Даналар деп ұғушы едік біз кеше
Ақсақалды аталардың бұл кейпін.

Билер қайда айта тұғын батырып,
Байы сөйлеп, биің отыр ах ұрып.
Көпті көрдім дегендігі болмаса
Көпке айтар өсиеттен махұрым.

Бауыр көрдім пышақтасқан қырқысып,
Надандықтың күш - қуаты тұр қысып.
Мұра болған байтақ жердің төрінде
Жөнсіз кетті-ау жағасымен жыртысып.

Досты көрдім кебін киіген күлмектің,
Сыйын құртқан сенімменен құрметтің.
Адал ұстаз таба алмай жүр інілер
Арақ ұстап ағалары жүр көптің.

Жаңылысып жасөрім қыз, ұлыңда,
Құмартады сыраменен шылымға.
Жиғанынан бере салар жырып ап
Наннан қымбат екеуінің құнын да.

Ақыл айтар қайда әкенің отты үні,
Сол әкеде темекінің оттығы.
Өмірінің шегерілген шегіндей -
Шылымының түскен қызыл шоқтығы.

Көк түтінге толтырып ап кеудесін,
Сасық ауыз айтып жүр-ау елге сын.
Заманының соры болған қазақтың
Залалдығын сәбилерге бермесін.

Бойжеткан-ай бүркенетін бір бетін,
Бір жігітпен өткізем деп бірге түн.
Тағаланың тарту еткен басына
Тағдырының тарқатты-ау бір шетін.

Бозбала-ай жүрген соны жетектеп,
Көз сүрінбей күнә қылған етектен.
Ертең ана бола тұғын жандарды
Қарындас деп сыйласаңда кетед нең?

Нәпсі, құмар, надандықтың шырпауы,
Алауыздық адамзатты құртады.
Көк бөрідей көгін сүйген Тұранның
Ақылға кел өр қазақтың ұрпағы.

Аппақ сүті ақ жаулықты ананың,
Ақ батасы ақ ниетті атаның.
Ақ жүрегі ұл мен қыздың ізетті
Ырысы ғой арай таңның ататын.

Мен жазбасам ертең жазар басқа ұл,
Жанашырға шын, жараспайды жасқану.
Ер түзелмей, елім қайдан түзелсін ...
Ей, азамат, енді өзіңнен бастағын!

Нұрқали Медет
Категория: Шамның жарығы | Добавил: АбылайхаН1784 (20.08.2013)
Просмотров: 684 | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz