Пятница
19.04.2024
04:44
Приветствую Вас Қонақ
RSS
 
Құштарлық әлемі
Главная Регистрация Вход
Махаббат бағы »
Меню сайта

Категории раздела
Студент дәптерінен [14]
Жоғалту мен аңсау [17]
Онлайындағы сезім уілі [0]
Жанарымдағы жыр [11]
Шамның жарығы [20]
Ақындар бөлімі [7]

Мини-чат
200

Наш опрос
Сіз сүйіктіңізбен қалай таныстыңыз?

Всего проголосовало:682

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Статьи » Махаббат Лирикасы » Шамның жарығы

Интернеттегі көп кездесетін қателіктердің бірі!
Кейде өмірден құлазып еш нәрсе ойлағымыз келмей, өзімізді терең тұңғиықтың тұнығына батырып жібереміз. Сол сәтте кішкентай кезімізде құлап, тіземізді жырып алғанымыздай, өмірдің асау атынан құлап, тіземізді емес, кір шалмаған нәзік жүрегімізді жаралап аламыз. Кейде тіпті оны ешқандай дәрі емдеп жаза алмайтындай көрінеді бізге. Мойымаңыз.. Алла тағалам біз өте алмайтын сын жібермейді бізге.... Біз әрқашан оны ұмытып, өзімізді ауыр ойлармен мезі қыламыз. Сондай сәттері Аллаһтың бар екенін естен шығармау керек. Басыма қиыншылық түссе, мен одан ешқашан арыла алмайтындай, сол қиындықты мәңгілік арқалап жүретіндей сезінем... Бірақ, белгісіз біреу мені итеріп, алдыға қарай тартқыштай береді. Біреудің мені демеп жатқанын байқасам да, тоқтап қалған кездерім болған. Бірақ, ары қарай жылжуға мәжбүр қылам өзімді-өзім. Мені белгісіз рух итерсе, алдымнан бұлыңғыр болсада бір болашақ көріп, өзімнің армандарымды көріп зырылдап жүгіріп кете жаздаймын, тіпті кейде, уақыттанда асып, жүгіріп кетіп қала жаздаған кездерім де болады. Бірақ, тоқтатам өзімді-өзім. Ал, сүрінсем, қайта тұрып жүре алмай көп қиналамын. Өзімді алдыға қарай итере алмаймын. Бірақ, осындай Алланың сын сағатында маған көмек беретін бір нәрсе бар.Ол менің сенімім, дінге деген, Жаратушыға деген сенімім. Ол сенім әрқашан менімен бірге жүреді.Ол сенім бар кезде, мен сүрінсемде құламайтынымды, құласамда, еш жерім жараланбайтынын білемін. Өйткені, менде сенім бар. Үлкен сенім бар. Ол сенімді жоғалтсам, мен өзімді де жоғалтатынымды білемін. Жоғалтқым келмейді, керісінше Алланың бізге берген сыйының шексіздігін іштей сезіп, оны қазіргіден көбірек білуге тырысып, алға қарай қадам баса беремін. Әрқайсысымыздың жүректерімізде осындай сенім болғай!
Категория: Шамның жарығы | Добавил: АбылайхаН1784 (25.02.2014)
Просмотров: 920 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

ДОБАВЛЕНИЕ КОММЕНТАРИЯ

Имя *:
Email:
Подписка:1
Код *:
Вход на сайт

Поиск

Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • База знаний uCoz